$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда жасөспірім төбелестен кейін пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

04.11.2024ж. 20:00
189
Қызылжарда жасөспірім төбелестен кейін пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Қызылжарда 17-дегі жасөспірім төбелестен кейін пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға түнгі клубтардың бірінде болған. Жасөспірімдер арасында текетірес туындап, соңы қанды қырғынмен аяқталды. Бір жігіт екіншісінің арқасына пышақ сұққан. Полицейлер күдіктінің бірден ұсталғанын хабарлады.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті бойынша ҚК 106 бабының екінші бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен қаланың кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімнің ата-анасын балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке алынды.

Жәбірленуші қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Айтуларынша, науқастың жарақаты ауыр болғанымен, ішкі мүшелеріне зақым келмеген. Жасөспірім екі аптаға дейін ақхалаттылардың жіті қарауында болмақ.