$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған 6 саяжай өртенді

AstanaTV
05.11.2024ж. 10:01
420
Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған 6 саяжай өртенді

Еліміздің ТЖМ құтқарушылары қараусыз қалған 6 саяжай үйі мен құрғақ шөпті сөндірді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Акимовка ауылының шетінде құрғақ шөп пен қараусыз қалған 6 саяжай үйі өртенген.

Құтқарушылар отпен күресуге асықты. Олардың жедел әрекеттерінің арқасында қауіп толығымен 5 гектар алаңда сөндірілді.

ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.