$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Абай облысында полициядан қашқан 49 жастағы жүргізуші ұсталды

AstanaTV
05.11.2024ж. 19:11
167
Абай облысында полициядан қашқан 49 жастағы жүргізуші ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды. Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.

Бір бұрылыста ол көлік басқаруын жоғалтып, жолдан шығып кетіп, алдыңғы бамперін зақымдады. Заңбұзушыны тек соққыдан кейін іске қосылған қауіпсіздік жастықтары ғана тоқтата алды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Медициналық тексеру нәтижелері оның орташа дәрежеде мас күйінде болғанын көрсетті. Заңбұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды, ал жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және жолда қауіпті жағдай туғызғаны үшін қосымша айыптар тағылуы мүмкін.