$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда әкімдер форумы өткізілді

05.11.2024ж. 20:00
132
Оралда әкімдер форумы өткізілді

Оралда ауыл әкімдері бас қосты. Алғаш рет өткізілген форумда өзара тәжірибе алмасқан басшылар күрмеуі қиын мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын іздеді: Батыс Қазақстан облысындағы 413 ауылдың 357-сінде интернет байланысы нашар. Сонымен қатар әкімшілік бөліністе бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Дегенмен үлгілі істер де жоқ емес. Мысалы, Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылының тұрғындары өзара кооперативке біріккен. Осылайша мал азығын арзан бағамен өздері қамдап, көл-көсір пайда тауып отыр. Төрт түлікті асылдандыру да жолға қойылған. Бұған партияның ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бағдарламасы оң ықпал етіпті. 

ӘДІЛЕТ МҰСАҒАЛИЕВ, ҚОСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылға қажетті фитнес залы болсын, тағы да басқа көлік жуу, көлік жөндеу басқа да бағдарламаларды осы "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2,5 пайызбен несие ала отырып, сол нәрселердің барлығын шешкіміз келіп отыр. Сонда ауыл өзін-өзі қамтып, барлық нәрсе ауылдың өзінде ғана болады. Сонда біздер ешқандай сырттан келетін техникаларға ешқандай мұқтаждық болмайды.

Форумда мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері де сөз болды. Ал көпшілікке ұнаған озық тәжірибелер өзге өңірлерге үлгі ретінде ұсынылады.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Мен енді мына Батыс Қазақстан облысының ерекшелігін айтып кетейін, мұнда кәдімгі аудандық мәслихаттың бекіткен ауданның даму бағдарламасы және әр ауылдың даму бағдарламасы қабылданған екен. Көп облыстарда мұндай тәжірибе жоқ. Олар мына жергілікті қауымдастықты дамыту жоспары деңгейінде қалып қойған. Сондағы үлкен мәселе - ауыл әкімі өзінің уәде берген сайлауалды бағдарламасын қалай орындайды, оның бәрі мына Батыс Қазақстан облысында шешілген деп есептеймін.