Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Судьямен бірге екі қорғаушы құрықталған. Олар сотталған азаматқа тигізер "көмегін" 1,5 млн теңгеге бағалаған көрінеді. Тергеу жұмыстарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен облыстық департамент қызметкерлері жүргізіп жатыр.