$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Отандық тауарлар аз уақытта 22 мың долларға сатылды

05.11.2024ж. 20:00
219
Отандық тауарлар аз уақытта 22 мың долларға сатылды

Премьер-министр Олжас Бектенов 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты. Іс-шара шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндік береді. Онда Қазақстан «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» павильонында ұлттық өнімдерін көпке ұсынды. Алғашқы сағаттардан-ақ онлайн режимінде 22 мың долларға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Оған қоса еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктер таныстырылды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің түрлі бағыттағы стартаптары көрсетілді.