$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су тасқынынан кейін 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтті

05.11.2024ж. 20:00
191
Су тасқынынан кейін 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтті

Елімізде көктемгі су тасқынынан кейін тұрғын үй мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Республика бойынша 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтіп, баспанасыз қалған отбасыларға арналған 8,5 мыңнан аса жеке үй мен екінші деңгейлі нарықтан пәтер сатып алынды. Қауіпті учаскелерде өзен арналарын нығайту және тазалау жұмыстары жүргізіліп, 275 шақырым қорғаныс дамбалары салынды. Зардап шеккен аймақтардағы қалпына келтіру жұмыстарының алдын ала қорытындылары «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысында талқыланды.

БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Мен өз басым наурыз айында барып, судың ортасында болып, қолымыздан келген көмегімді жасап, елмен араласып, содан кейін маусым айында келгенде, жаңа үйге кіріп, қолдарына Қостанай облысында кілтті беріп жатты. Өте жақсы жұмыс өңірлерде бар.