$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкент қаласы жыл соңына дейін 99 процент табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласы жыл соңына дейін 99 процент табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласы жыл соңына дейін 99 процент табиғи газбен қамтылады. Бүгін Қаратау ауданындағы 10 мыңға жуық халқы бар Бозарық тұрғын алабына газ берілді. 

Бозарық тұрғын алабындағы жаңа құрылыс аумағы тұрғындары көптен күткен күн бүгін. Көгілдір отынға алғаш қосылғандардың бірі -Бақтыгүл Сағымбаеваның шаңырағы. Былтыр жаңадан салған үйлеріне газ болмай қыста пәтер жағалап шыққанын айтады отанасы.

БАҚТЫГҮЛ САҒЫМБАЕВА, БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өте қуаныштымыз. Осы күнге дейін біз ошақ жағып, көмір жағып дегендей бірәз қиналып келдік. Енді оның барлығы артта қалды. Газ плитасына тамақ жасап, шәйімізді қойып,.. бұрынғыдай емес қазір басқаша көңіл –күймен жанұямызбен осы газды қолданамыз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл аумаққа газ күзден қалмай кіргізіледі деп жазда уәде еткен. Тұрғындардың қуанышына әкімнің өзі де бүгін куә болды.

ЕРМЕК ҚАЛДЫҚҰЛОВ,  "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ ШӨФ ДИРЕКТОРЫ:

Біз ауылдық газ құбырына бердік, әр тұтынушының шарбаққа дейін газ келіп жетіп тұр. Біздің мамандар міндетті түрде келіп, тексеру керек қауіпсіздік ережесіне...техникалық талапқа сайына, сол кезде ғана біздің мамандар келіп қосып жағып бәрін түсіндіріп кетеді.

Бүгінде тұрғын үйлерді газдандырудың екінші кезеңі аясында 700-ге жуық абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 700-ден астам тұтынушы қамтылады. Шымкент дәл қазір 96 процент табиғи газбен қамтылған. Жыл соңына дейін 99 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Бозарық 1 қосылады, 3-Бозарық, Қайнарбұлақтың қалғаны қосылады, дачалар бәрі. Сосын Қаратөбе бар, Ынтымақ -2 бар, Тассай бар.. Бірәз аудандарымыз бар әлі.

Шаһар басшысымен кездескен Жаңа құрылыс тұрғындары мектеп пен жолдың жайын да қозғады. Қала әкімі барлық жұмыс кезең кезеңімен шешіліп келе жатқанын жеткізді.