Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайдағы тасымалдаушы компаниялар базалық мөлшерлемеден 10 есе артық жер салығын төлеуге наразы

AstanaTV
03.05.2017ж. 20:00
2825
Қостанайдағы тасымалдаушы компаниялар базалық мөлшерлемеден 10 есе артық жер салығын төлеуге наразы

Қостанайдағы жолаушылар тасымалдаушы 3 компания жер салығын шамадан тыс төлеуге наразы. Кәсіпорын өкілдері ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап отыр.

Келісімшарт бойынша жалға берілген аумақтың базалық ставкасы 10 есе төмен, - дейді. Ал, кіріс департаментінің мамандары автотұраққа арналған жердің салығын жоғары тарифпен белгілеп, бірнеше миллион теңге көлемінде салық төлеуге міндеттеп отыр. Өйткені жергілікті мәслихат 5 жыл бұрын салықтың бұл түрін 10 есеге көбейту туралы шешім шығарған. Салықтың өсуі техника паркін жаңғыртып, инфрақұрылымды дамытқысы келетін кәсіпорындардың жұмысын тежеп отыр, - дейді өңірдегі жолаушылар тасымалы қауымдастығының өкілдері.

Борис Саяпин, Қостанай облысы жолаушылар тасымалы қауымдастығының адвокаты:

Дағдарысқа байланыста кәсіпкерлердің көбісі қаржылай қиындыққа тап болды. Олардың транспорттық инфрақұырылымды, техника паркін жаңғыртуға ақшасы жетпей жатыр. Ал, автотұрақ салығын 10 есе артық төлейтін болса, мүлдем тығырыққа тірелмек.

Іске Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері араласты. Олар 5 жыл бұрын қабылданған шешімге өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Ренат Дәулетбаев, Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

Автотұрақ салуға жер алып, салықтың өсуіне байланысты құрылысын тоқтатып қойған бірнеше қостанайлық кәсіпкерді білеміз. Біз қалалық мәслихатқа арнайы хат жолдап, базалық ставканы төментуді ұсынып отырмыз.

Заңғар САНАЙ