Мұнай
және газ құбырларының жағдайына немқұрайлы қарағаны үшін Инвестициялар және
даму министрлігінің шенділері жазалануы мүмкін.
Бұл
туралы бүгін Бас көлік прокуратурасының алқалы жиынында белгілі болды.
Сондай-ақ дер кезінде құбырлардағы ақауды жөндемегені үшін «ҚазТрансОйл» және
«Интергаз Орталық Азия» компаниялары да жауапкершілікке тартылуы жайы да сөз
болды. Қазір елімізде 8 мың шақырымдық мұнай құбыры мен 16 мың шақырым газ
құбыры бар. Алайда ішкі диагностика жүргізілмегендіктен, 9 мың шақырым құбырдың
жағдайы осы уақытқа дейін анықталмай отыр.
Нұрлыбек Жақанов, ҚР Бас көлік прокуратура басқармасының аға прокуроры:
Осыған
дейін Бас көлік прокуратурасымен жүргізілген
тексеріс нәтижесінде біршама заңбұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтатын
болсақ, ол 1700-ден астам магистральді мұнай құбыры мен 122 шақырым газ
құбырының тексеріс уақыты өткеніне қарамастан, пайдалану деректері анықталған.
Елдос САПАРҒАЛИ