Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
"2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", -деп хабарлайды «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі.