$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында мектеп кітапханашылары жалақыға қосылатын үстамақыға екі айдан бері жете алмай жүр

06.11.2024ж. 20:00
167
Жамбыл облысында мектеп кітапханашылары жалақыға қосылатын үстамақыға екі айдан бері жете алмай жүр

Жамбыл облысында мектеп кітапханашылары жалақыға қосылатын үстамақыға екі айдан бері жете алмай жүр. "Алдыңғы айлықтан 35 пайыз ұсталып, қалтамыздың түбі көрінді. Күн көрісіміз қиындай түсті", дейді олар. Мардымсыз жалақы дымға жетпей жатыр деп шағымданғандар білім басқармасынан бастап министірлікке дейін хат жазған. Алайда жауап болмаған. Жиналған жұрттың мәселесін аймақтағы тілшіміз тыңдады. 

Жаңбырлы кеште жиналған мектеп кітапханашылары жалақы жырын жырлай келіпті. Осы уақытқа дейін берілген 35 пайыз үстемақы бірден тоқтап қалғанда түсінбей қалған. Үш айдан бері жалақы 35-40 мың теңгеге азайған. Бұл туралы ешкім ескертіп, мән-жайды түсіндірмеген.

АЙГҮЛ ШАЙДАЕВА, КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Соңғы үш жылда облыстық профсоюздың ұйғарымымен бюджеттен бізге 35 процент қосылып, бізге төленіп отырған. Осы айлықты биыл қыркүйек айынан бастап қысқартып тастады. Бізге берілген себебі жоқ. Ешқандай қағаз жүзінде, иә болмаса ауызша болса да хабарлаған жоқ.

АЙЖАН КАРИМОВА, КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Үстемақы бізден алып тастады. Негізгі айлықтан. Содан кейін ол әжептеуір қалтадан ұрды. Ұрған соң бір ай шыдадық, екі ай шыдадық, шыдағанныңда шегі бар дегендей. Бәрі өсіп жатқанда біздікі керісінше төмендеп жатқан маған өте обидно.

Осы уақытқа дейін беріліп келген үстемақының не үшін тоқтап қалғаны аймақтың бас ұстазы келгенде белгілі болды. Сөйтсек, білім басқармасы берген үстемақыны облыстық тексеру комиссиясы негізсіз деп тапқан.

РАУАН САДЫРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы уақытқа дейінгі төленіп келген дүниемізді қалай айтамыз, негізсіз деп те айта алмаймыз. Алдында негізсіз басқа да заңдарға сүйене отырып төлегенбіз. Бірақ тексерістің нәтижесінде, оны бізден негізсіз деп тауып отыр. Біз заңды деп ойлаймыз, бірақ тексеруші органдар оны дұрыс емес деп ойлайды.

Білім басқармасының басшысы ұжымдық шартқа сүйене отырып тағы бұйрық шығарған. Үстемақы тоқтап қалған айдан бастап есептеліп қайта беріледі.