$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам қаза тапқан

AstanaTV
06.11.2024ж. 22:00
257
Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам қаза тапқан

Атырауда мопед жүргізушілері жасаған жол-көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тауып, 70 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мопед жүргізушілерінің қатысуымен өңірде барлығы 150-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Мопедтер, скутерлер, электросамокаттар жылдың жылы мезгілінде, әсіресе жастар арасында көп қолданылады. Дегенмен, жол қозғалысы ережелерін бәрі де толық біле бермегендіктен жолдардағы апатты жағдайлар мен қайғылы оқиғаға әкеледі. Жыл басынан бері Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 148 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 70 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 6 адам қаза тапты", - деп атап өтті деді Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.

Сондай-ақ 1587 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 429 электро-көлік құралдары арнаулы тұраққа қойылды.

"Мопедті басқару кезінде қырағы болу, жылдамдық режимінің, жол белгілері мен таңбалардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ шлемсіз жүруге жол берілмейді", - деді Ө. Жәңгірхан.