$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Зейнеткер жұмыс істесе, зейнетақысын ала алмауы мүмкін

AstanaTV
06.11.2024ж. 23:44
249
Зейнеткер жұмыс істесе, зейнетақысын ала алмауы мүмкін

Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге зейнетақы берілмеуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы осындай.

Десе де әзірге бұған қатысты заң жобасы әзірленбеген. Үкіметпен арнайы келісім жоқ. Сондықтан қазір зейнетке шықса да, еңбек етіп жүрген азаматтар жалақысын да, әлеуметтік төлемін де ала береді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Светлана Жақыпова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазір біз өзіміз болжамдарды жасап, еңбек нарығын қарастырып отырмыз. Еңбек нарығында биыл ғана 300 мыңдай жас адам шықты. Оларға жұмыс орындары керек. Сондықтан сарапшылар осындай ұсыныстар беріп отыр.