$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Саңыраулар қоғамының басшысы 115 млн теңгені заңсыз иемденді

AstanaTV
07.11.2024ж. 10:17
195
Саңыраулар қоғамының басшысы 115 млн теңгені заңсыз иемденді

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.

Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды.