$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мүгедек баласы бар қызметкерден 400 мың теңге салық заңсыз ұсталған

AstanaTV
07.11.2024ж. 17:07
211
Мүгедек баласы бар қызметкерден 400 мың теңге салық заңсыз ұсталған

Жетісу прокуратурасы негізсіз ұсталған салықты мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына қайтарып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде 2 миллион теңгеден аса қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеке табыс салығын төлеуден босатылған.

Алайда Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінің 3-тармағының талаптарына қайшы келе отырып, бұл азаматтардан негізсіз салық ұстаған.

Атап айтсақ, мүгедек баласы бар білім бөлімінің қызметкерінен 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңгеден астам қаражат ұсталған.

Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқықбұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына сөгіс жарияланды.