$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Былтыр кезекте тұрған 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болды

07.11.2024ж. 20:00
137
Былтыр кезекте тұрған 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болды

Былтыр кезекте тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 мың баланың 809-ы ғана баспаналы болды. Бұл туралы депутат Геннадий Шиповских Сенат отырысында айтты. Сөзінше, жетім балалар мектеп бітіргеннен кейін басын тауға да, тасқа да соғып, не істерін білмей дал болатын жағдай жиі кездеседі. Осы орайда колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу үшін бөлінетін грант квотасын көбейту аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ бүгінде орта мектеп бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші де көңіл көншітпейді. Ағымдағы жылы мансап орталықтарының квотасы шеңберінде барлығы 4275 адам жұмысқа орналасса, оның 85-і ғана ата-анасы жоқтар. Депутат Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдап, мәселенің шешу жолдарын ұсынды. 

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Шекті жасқа жеткен жетім балалардың баспана кезегінің бірнеше жылдарға созылып кетуіне байланысты арнайы баспана бағдарламасын әзірлеп, жұмыс алгоритмін ұсыну. Екінші, жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен жетімдерге оқу орнынан кейінгі арнайы жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеуді сұраймын.