$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

AstanaTV
07.11.2024ж. 18:46
248
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қазақстан Президенті Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Astana TV.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұған жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтері мен парламенттерінің үйлесімді жұмысы айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Әңгімелесу барысында Ресей Президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне айрықша мән берілді.

– Біз алдағы сапарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бұл мемлекетаралық байланыстардағы айтулы оқиға болады деп санаймыз. Екі елдің ынтымақтастығы үлгі тұтарлықтай және қарқынды дамып келеді. Бұл сапар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа тың серпін береді, – деді Президент.