Әнші Мейрамбек Бесбаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші туған күнімен қоса өзі басшылық ететін радионың бір жылдығын әріптестерімен Республика сарайында атап өтті. Бұл күні концертке жиналған екі мың адам керемет кештің куәсі болды.
Әншінің жұбайы Мархабат Бесбаева концерт кезінде сахнаға торт алып шығып, күйеуін туған күнімен құттықтады.
“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев.