$492.22 €529.38 ₽5.03
×

«Мінез көрсетудің керегі жоқ»: Айжан Байзақованың жолдасы отбасындағы қарым-қатынас туралы ойымен бөлісті

AstanaTV
08.11.2024ж. 09:22
53
«Мінез көрсетудің керегі жоқ»: Айжан Байзақованың жолдасы отбасындағы қарым-қатынас туралы ойымен бөлісті

Белгілі блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстан әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, отбасында ұрыс-керістен аулақ болу қажет, әрқайсысы өз мінезін көрсетуге тырыспай, керісінше, бар уақытты махаббат пен мейірімге арнаған жөн.

«Ұрысқа уақыт кетірмей, бір-біріңді қуантатын, сүйіспеншілікке толы сәттерді көбірек өткізу керек. Жай ғана жақсы қарым-қатынас орнатып, бір-біріңе жылы сөз айтып, құшақтасып жүрген жақсы», – дейді Нұрбек.

Осылайша, Нұрбек Арыстан жанұя бақытын сақтау үшін түсіністік пен махаббатқа көңіл бөлу керектігін атап өтті.