$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда кісі өлтірген жасөспірімдер 12 жылға сотталды

08.11.2024ж. 20:00
202
Қызылжарда кісі өлтірген жасөспірімдер 12 жылға сотталды

Қызылжарда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды. Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шықты. Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады.