$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қырғызстан ТЖМ жер сілкінісінен зардап шеккендерді анықтауға кірісті

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2652
Қырғызстан ТЖМ жер сілкінісінен зардап шеккендерді анықтауға кірісті

Қырғызстанның Ош облысында бір тәулікте 6 рет қатарынан жер сілкінді. Бұл туралы төтенше жағдай министрілігінің баспасөз  қызметі хабарлады.

Жер тербелісі кеше басталған болатын. Оны Қазақстандағы оңтүстік аймақ тұрғындары да сезді. Бірақ зілзаланың ошағы Тәжікстан аумағында болған. Оның қуаты 7 баллды құрады. Ал Қырғызстанда 4 баллдық жер сілкінісінен бірнеше адам зардап шегіп, мал қырылған.

Қазір төтенше жағдай қызметінің мамандары зардап шеккендер мен келген шығын көлемін анықтауға кірісті. 281 тұрғын үйдің 66-сы апатты жағдайда тұр. Олардың ішінде әлеуметтік нысандар да бар. Қалған үйлердің қабырғасында ұсақ жарықтар пайда болған. Қырғызстан сейсмологиялық институтының мәліметінше, 6 рет қайталанған зілзаланың қуаты 4-4,5 балл аралығында болған. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілген. Ал үйлері зардап шеккендерге уақытша тұруға арналған палаткалар таратылған.

Енді айыр қалпақты ағайын тағы да су астында қалуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жауын-шашын түсіп, таулы аймақтарда сел де жүруі ықтимал. Ал бұған дейін Ош облысындағы су тасқынынан жоғалған 24 адамның 16-сы сол күйі табылмады. Бүгін құтқарушылар іздеу жұмыстарын тоқтатты.   

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах