$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Shine Muscat жүзімі денсаулыққа зиян ба?

08.11.2024ж. 20:00
245
Shine Muscat жүзімі денсаулыққа зиян ба?

Маклюбені жеп, тәттіге малынған құлпынайдан дәм таттық. Артын ұзартпай «дубайский шоколад» шығып, одан да ауыз тидік. Қысқасы, трендке шыққан әр тағамнан ақшаны аяп жатқан жоқпыз. Ендігі кезек -Shine Muscat-қа жетті. Түсінікті тілмен айтқанда сүйегі жоқ жүзім. Сарапшылар еттен де қымбат тауардың зиян екенін айтып, дабыл қағып жатыр. Бұл қаншалықты рас? Тілшіміз сараласын. 

Желіде трендке айналған Дубай шоколадының дәуірі өтті. Қазір жұрттың назары Shine Muscat-қа ауған. Соңғы 2 аптада сүйегі жоқ жүзімге сұраныс күрт артқан. Бір үзімі 20 мың теңгеге дейін барады.

Тұрғындардың дәмін татқан тауар туралы ойы әртүрлі. Бірі мақтасы, енді бірі бағасына сай емес дейді. Олай айтуына себеп бар. Өйткені елге келіп жатқан жемістің бәрі бір елден шыққан өнім емес. Жүзім экспортымен жапондықтардан бастап, корейліктер мен қытайлықтар айналысады.

АЙДЫН ӘМІРҚҰЛ, ҚР АШМ АӨК МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Біздің елге қандайда бір өнім келсе тексерістен өтеді. Мәселен, жүзім келді делік, біздің министрліктегі инспекторлар оны бірнеше тексерістен өткізеді. Егер қажет болса лабораториялық зерттеу де жүргізіледі.

Хит жүзімнің зиян екенін сарапшылар айтып жүр. Таиландтықтар арнайы зерттеу де жүргізген. Ішінде улы хлорпирифос бар екені анықталыпты. Сөйтіп сатылымнан бірден алынып тастаған.

ПРОКЧОН УШАП, THAI-PAN КООРДИНАТОРЫ:

Тек тоғыз үлгі Қытайдан әкелінген деп анықталды, ал қалған 15 үлгінің шыққан елін анықтау мүмкін болмады. Құрамынан 14 түрлі зиянды химиялық зат қалдықтары, 50 пестицид, соның ішінде триасульфурон, цифлуметофен, тетраконазол және флудиоксонил сияқты 22 химиялық зат табылған.

Елдегі дәрігерлер хит жүзімді тұтынып, ауруханаға түскен тұрғындар жоқ дейді. Десе де кез-келген өнімді зерттеп алып, алуға кеңес береді.

ЖАНЕЛЬ ІЛИЯС, ДӘРІГЕР:

Өзіміз ойлануымыз керек. Бұл денсаулыққа қалай әсер етеді, зияны жоқ па деп зерттеу маңызды. Әркім өз-өзіне жауапты екенін ұмытпаған абзал.

Бағасы қымбат жемістің өзге жүзімнен айырмашылығы жоқ дейді желідегілер. Тек бағасы еттен қымбат демесең, аса айырмашылығы байқалмайды. Әрине, тренд өнімді тұтыну, тұтынбау өзіңізге байланысты. Тек сапасына үңілуді ұмытпаған жөн.