$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

08.11.2024ж. 20:00
461
Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Ақтөбеде миллиондаған қаржы жұмсалған веложол мен ұзақ жылға созылған мектеп құрылысы “AMANAT” партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында талқыланды. Облыстық жол басқармасы мен білім басқармасында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған. Оған дәлел құрылысы жеті жылға созылған Шилісай ауылының мектебі және миллиардтан астам қаражат жұмсалған веложолдар болып отыр. Ұзындығы 52 шақырым велосипедпен жүруге арналған жол құрылысы аяқталмай жатып, сынға ұшырады. Ал оған қазынадан 1 миллиард 300 мың теңге бөлінген. Биыл тоғыз айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген. Оның дені құқық қорғау саласы, құрылыс және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері мамандарына қатысты. 

ЕРЛАН САИРОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Біріншіден Ақтөбе облысының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі ерекше. Сонымен бірге мына бүкіл республикада қандай проблемалар бар сондай проблема әрине Ақтөбе облысында да бар. Сондықтан бүгін облыс басшылығымен құқық қорғау органдарымен және ең негізгісі Ақтөбе жұршылығымен бірге осы біздің еліміздегі коррупцияны қалай тоқтату керек. Ең негізі мынау қоғамда осы коррупцияға қарсы мәдениетті қалай қалыптастыру керек деген сұраққа бәріміз бірлесіп жауап беретін боламыз.

АБЗАЛ ҚҰСПАН, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Көптеген басқармалардың қызметінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Жол басқармасы бар. Білім басқармасы көш бастап тұр бұл мәселеде. Бұл неден шығады. Бұған екі жағдай әсер етті деп ойлаймын. Кадрлар тұрақсыздығы әсер еткен болуы мүмкін. Екіншісі жалпы осы мына Аманат партиясы Қазақстандағы ең үлкен партия өздеріңіз білесіздер. Әр сайлауда олар жол картасын өз бағдарламасын ұсынады. Сол бағдарламаға сәйкес жасалған жол картасы талаптарын сақтамаудан туындап жатады.