Елімізде сирек кездесетін құстардың саны жыл санап сиреп барады. Бұған басты себептердің бірі -жел электр станциялары. Бұл туралы "AMANAT" партиясының орталық аппаратында өткен экологиялық кеңесте айтылды. Жиында сонымен қатар биоалуантүрлілікті сақтау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұловтың айтуынша, оларды қорғау басты міндетіміз. Сондықтан осы мақсатта жүргізіліп жатқан бағдарламаларды қаржыландыру керекпіз дейді.
БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің бүгінгі іс-шарамыз экологиядағы биоәртүрлілік мәселелеріне арналған. Біз шынымен тыңдап, министрліктерімізге ұсыныстар жасай алу үшін ғалымдарды шақырдық. Мәжіліс депутаты ретінде не істеуіміз керек егер қандай да бір түзетулер қажет болса, біз оны заңнамалық деңгейде енгіземіз.