$498.34 €519.72 ₽4.85
×

БҚО-да тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды

08.11.2024ж. 20:00
267
БҚО-да тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту ісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл бұл санаттағылар үшін 758 үй салынған. Мемлекеттік бағдарлама шарапатымен жаңа баспана бұйырғандардың қатарында Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылының тұрғындары да бар. Көптен күткен арманына қол жеткізген ауылдағы ағайынның қуанышы туралы келесі материалда. 

150 отбасы тұратын Сұлукөл ауылы жаңа тұрғындармен толықты. Жаңа мекенге қоныстанған көршілерін ауылдықтар құшақ жая қарсы алды.

ӘДІЛБЕК АХМЕТОВ, ЖАҢА БАСПАНА ИЕСІ:

Қиын болды. Қандықтан келгелі пәтерде жүрдік. Бес баламен анда-мұнда жүрдік енді мектеп жабылып қалып. Сонымен осы бүгін қол жеткізіп жатырмыз. Мұнда қожалық бар екен. Сонда кіргіземіз деп жатыр, орналастырамыз деп. Алла қосса, сонда сөйлесіп, орналасатын болып жатырмыз. Жұмыс тауып беріп жатыр.

ҚҰРАЛАЙ АХМЕТОВА, ЖАҢА БАСПАНА ИЕСІ:

Пәтер жалдап солай тұрдық. 8 жыл болды. 2017-де сол Бәйтерек ауданынан үй кезегіне тұрдым көпбалалы болып. Енді сол нәтижеге бүгін қол жеткізіп отырмыз.

Жаңа үйлер көпбалалы және ерекше бала тәрбелеп отырған отбасыларға берілді. Ендігі мәселе - оларды жұмысқа орналастыру. Өйткені шекара шебінде орналасқан елдімекендерді сақтап қалу - басты міндет.

ЕРЛАН ҒАЛИЕВ, БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Шекаралық аймақтарда тұрған елді мекендерден 8 елді мекенде салынды. Қазір үйлердің бәрінің де құрылыстары толықтай аяқталып бітті. Бұл жерлердегі мектептерді сақтап қалу, оның ішінде мектептердегі балалар, бұдан бөлек дәрігер, мұғалім мамандар келіп жатыр. Солардың ішінде егер өздері көпбалалы отбасылар, оның ішінде дәрігер, мұғалім мамандар болса, ол құба-құп.

Биыл ел қазынасынан бөлінген 1 миллиард теңгеге ауданда 54 үй салынып, иелеріне тапсырылды. Бұл игі іс келер жылы да жалғасын таппақ.