$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда "Есірткіге жол жоқ!" акциясы өтті

08.11.2024ж. 20:00
236
Таразда "Есірткіге жол жоқ!" акциясы өтті

Таразда "Амаnат" партиясы Жастар Рухының белсенділері мен құзырлы орган өкілдері бірігіп "Есірткіге жол жоқ" акциясын өткізді. {КСМ} Шара барысында жастар Шаһар көшелерінде жарнамаланған есірткі саудасын көркін қыздыратын сілтемелердің көзін жойды. Олар Родникова, Аккөзова, Досмұхамедұлы көшелерінде қабырғаларға салынған есірткі графиттеді өшірді. Жыл басынан бері 100 ден аса орынға осындай жұмыс жүргізілді.

МЕРЕЙ МЫРЗАХМЕТҚЫЗЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мақсатымыз- жастардың нашақорлыққа әуестігін болдырмау. Біз рухтастар осы қоғам дертімен жан-жақты күресудеміз. Мұндай рейдтер көшедегі есірткінің ағынын азайтуға, қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді. Осы уақытқа дейін еріктілер 100 ден аса орындардағы жарнама жазуларын өшіріп келе жатыр. Жамбылдық рухтастар қоғам дертімен күресуге шақырады.

Прокуратура қызметкерлері мен полицейлер мұндай акцияның есірткі бизнесін баяулатуға септігі мол дейді. 

АСЫЛХАН ӘЛІПБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Жоба аясында бүгінгі таңда "Амаnат" партиясының белсенділерімен бірге Жастар рухы тобының белсенділерімен есірткі графитилары өшіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деген сенімдеміз. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар қала аумағында есірті саудасына кері әсерін тигізеді.