$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ауыл әкімдерінің беделі жоқ, мәселені шеше алмайды», - депутат

08.11.2024ж. 20:00
237
«Ауыл әкімдерінің беделі жоқ, мәселені шеше алмайды», - депутат

Халық сайлаған әкімдер енді халық алдында жауап береді. Бізде басшылар қызметке келгенше уәдені үйіп-төгеді. Бірақ артынан ол орындалды ма, жоқ па, ешкім тексеріп жатқан жоқ. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мұндай кезең келмеске кетті дейді. Бұдан былай ауыл әкімдерінің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы бақылауға алынатынын айтты. Тіпті, тұрғындармен қандай кездесу өткізді, әлеуметтік желіде не жариялады, бәріне моноторинг жүргізіледі. 

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Заң жобаларына реттеу саясатының консультативтік құжаты биыл 20 қыркүйекте заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды. Қазіргі таңда заң жобасы мемлекеттік органдардың қарауында. Нәтижесі бойынша тәртіпке сәйкес Парламентке де ұсынылатын болады.

Депутат Анас Баққожаев қазір ауыл әкімдерінде ешқандай бедел жоқ дейді. Өйткені бірде-бір мәселені шеше алмайды. Тұрғындардың пікірі – осы. Содан кейін басшы өткізген кездесуге де келмейді. Депутат мәселені шешудің бір-ақ жолы - әкімнің құзыретін күшейту екенін айтты. 

АНАС БАҚҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Әкімдер шақырады, адамдар келмейді. Жиналатыны он-ақ адам. Ал ауылда бір ас берсінші, құдайы тамаққа бәрі жиналады. Неге? Себебі ол жерде қызық. Әңгімелеседі, ой бөліседі. Бір-бірін тыңдайды. Тамағын жейді, себебі пайдасы бар. Әкімдердің жиналысына келмейді, өйткені пайдасы жоқ.

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздер заң қабылдаймыз. Ал жергілікті жерде сол заңдарды орындайтын, заңдарды іске асыратын азаматтардың алғы шебі – мәлихаттар.