$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Заң жобалау жұмыстарының өзекті мәселелерін талқыланды

AstanaTV
08.11.2024ж. 19:26
178
Заң жобалау жұмыстарының өзекті мәселелерін талқыланды

Палата төрағасы Ерлан Қошанов белгілі қоғам қайраткерлері, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері Жақсыбек Құлекеевпен және Андрей Чеботаревпен заң жобалау жұмыстарының өзекті мәселелерін талқылады.

Экономист Жақсыбек Құлекеев кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және Қазақстан өндірісіне инвестиция тартуды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ ол бюджетті жоспарлау жүйесін жетілдіруге және қазір Мәжілісте қаралып жатқан жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты ойымен бөлісті.

 Саясаттанушы Андрей Чеботарев аумақтық өзін-өзі басқаруды дамыту, депутаттардың азаматтық қоғаммен және жергілікті сарапшылармен өзара жұмыс істеуіне қатысты ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ бүгінде әзірленіп жатқан Цифрлық кодекс, жасанды интеллектіні пайдалануды заңнамалық реттеу, ғылымды дамыту салаларындағы мәселелерді шешу және басқа да тақырыптар төңірегінде өз көзқарасын білдірді. Сарапшы Мемлекет басшысының өңірлердегі әкімдерді сайлау институтын нығайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.

Жиында депутаттардың сарапшылармен және азаматтық қоғамдастықпен өзара іс-әрекетін кеңейту бойынша пікірлер айтылды.