$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жетті

AstanaTV
08.11.2024ж. 22:21
76
Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жетті

 Жәбірленушілердің көпшілігі Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген, деп хабарлайды KAZINFORM.

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 223-ке жетті, құрбандардың басым көпшілігі елдің шығысындағы Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген. Бұл туралы Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте X желісінде хабарлады.

«223 адам қаза тапты», - деп жазды ол. Оның айтуынша, Валенсияда 215 құрбан тіркелгенін, Кастилия-Ла-Манча автономды қауымдастығында – 7, Андалусияда – 1.

Хабар-ошарсыз кеткендердің саны – 78. Бұл ретте ведомство басшысы апат кезінде қаза тапқандардың 48-і әлі анықталмағанын атап өтті.

Испанияның оңтүстік-шығысындағы бүкіл аудандар мен ауылдар қирандыға айналды. Мұндай жойқын апаттың себебі аймаққа келген DANA класындағы дауыл болды. Ол көбінесе табиғи апаттарға айналатын атмосфералық «суық тамшы» құбылысын тудырды. Испания Премьер-министрі Педро Санчес осы ғасырда көрген ең ауыр су тасқынынан кейін өз елін қалпына келтіруге көмектесу үшін Еуропалық ынтымақтастық қорынан қаражат сұрады.