Қостанай ауданы «Қостанай-Мичурино» автожолының бойында туристік демалыс орындарының бірінде ағаш үйден өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей өртті 40 шаршы метр алаңда сөндірген.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.