$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Астананың кейбір ауданында жаяу жүруге уақытша шектеу қойылуы мұмкін

AstanaTV
09.11.2024ж. 10:31
236
Астананың кейбір ауданында жаяу жүруге уақытша шектеу қойылуы мұмкін

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

9-қарашада сағат 7:00 — 14:00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласы аумағында «Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық» жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.

Шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір ауданында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған,- деп хабарлайды Қазақпарат.

— Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз, — деп ескертті ведомстводан.