Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.
Оқиға 8 қарашада түнгі уақытта Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда-Павлодар тасжолында болған.
"Nissan көлігінің жүргізушісі сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көмір тиелген КамАЗ-бен (тіркеме) соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен олардың түрлі жарақаттары бар баласы ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, жол жүру ережелеріне сәйкес 7 жасқа дейінгі балалар көлік жүргізу кезінде автомобиль салонында тек балалар орындығына отыруы керек.