$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Алматыкітап баспасы": баспа ісінің болашаққа бағдары қандай?

AstanaTV
09.11.2024ж. 19:07
386
"Алматыкітап баспасы": баспа ісінің болашаққа бағдары қандай?

Елордада «Алматыкітап баспасы» алғаш рет баспасөз-таңғы асын өткізді. Шараға БАҚ өкілдері мен оқулық авторлары, педагогтар мен сарапшылар қатысып, білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқылады. Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы айқын, себебі, мектеп оқулықтарының сапасы мен оларды әзірлеу барысы қоғамда жиі көтеріледі.

Бір оқулықты шығару үшін бірнеше автор жобаға тартыларды Олар – педагог-практиктер мен жоғары оқу орындарының ғалымдары. Осыдан-ақ оқулық ісін - жіті жауапкершілікпен қарайтын, көптеген маманның бірлескен жұмысының нәтижесі деп топшалауға болады. Одан бөлек, әрбір оқу материалының мемлекеттік стандарттарға сай келінуі қатаң қадағаланады. 

Баспа оқулықтары мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып, редакциялау мен дизайнға жіберіледі. Артынан ішкі сараптамадан өткен дайын материал, Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім мазмұнын сараптау орталығына бағытталады. Мемлекеттік сарапшылар 40 күн ішінде оқулыққа қатысты өздерінің сын- ескертпелерін береді. Баспа бір ай төңірегінде қателерді түзейді. Жаңа оқулықтар пилоттық мектептерде екі айлық сынақ кезеңінен өтіп, «bmso.kz» сайтында қоғамдық талқылауға түседі. 

«АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫНЫҢ» ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ӘСИМА РЫСҚҰЛБЕКОВА:

«Қазіргі мектеп оқулықтарының басты артықшылығы – конструктивті білім беру жүйесіне негізделуі. Біз мектеп оқулықтарын әзірлеуде әлемдік озық тәжірибелерге сүйенеміз. XXI ғасыр ұрпақтарының қабылдау, ойлау, түсіну, т.б. танымдық қабілеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан авторлар оқулық әзірлеуде баланың жас ерекшелігін ескеріп, оқулықтың құрылымдық мазмұнын қазіргі дидактикалық талаптарға сәйкес әрі баланың ең маңызды дағдылары: сыни және креативті ойлау, жаңаны ойлап табу, білімін өмірде қолдану алу секілді кең ауқымды дағдыларын дамытуға үлкен басымдық береді».

Жиын барысында білім беру саласындағы жаңашылдықтар талқыланды. Онда TopIQ.kz платформасына да ерекше назар аударылды. Бұл – Алматыкітап баспасының оқушыларға арналған алғашқы отандық онлайн-платформасы әрі цифрлық білім беру әлемінің жаңа бір кезеңінің бастауы. Қазіргі таңда оқушылар электронды оқулықтарды пайдаланып, заманауи білім алу мүмкіндігіне ие. 


Сонымен қатар жаңадан сараптама ұсынылған оқулықтарды bmso.kz платформасында жарияланып, кез келген оқырман кітаптарды көріп, онымен таныса алады және пікірін білдіруге таптырмас мүмкіндік. Бұл оқырманның пікірін ескеру мақсатында жасалған қадам.


"Алматыкітап баспасы" баспасөз-таңғы асында оқу материалдарының сапасын арттырып, педагогтар мен оқырмандармен ашық байланыс орнатып, әрі еліміздегі білім беру жүйесін жақсарту үшін әрдайым тың идеялар мен ұсыныстарға дайын екенін білдірді.