Ресейдің Подольск қаласында әпкелі-сіңлі жанжалдасып, оқиғаның соңы өлімге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейге жұмыс істеуге келген мигрант отбасындағы қыздар жуылмаған ыдыс үшін жанжалдасқан.
10 жастағы Наргиза мен 13 жастағы Анора (аты-жөні өзгертілді) үйде жалғыз қалған. Олардың ата-анасы жұмыста болған.
15 жастағы бала компьютер ойындарына тыйым салған анасын балтамен шауып өлтірді
Ақтөбеде жасөспірімдер итті аяусыз пышақтап, әрекеттерін видеоға түсірген (видео)
Жасөспірім қызды тізе бүктіріп, соққыға жыққан: Полицейлер Шығыс Қазақстан мектебіндегі буллингті жоққа шығарды
Қыздар үй жинау үшін ұрысқан. Үлкені тәрелкелерді, ас құралдары мен шыныларды жуу кішінің міндеті екенін айтып,моральдық қысым көрсете бастады. Кіші қыз оған шыдай алмай, асхана пышағын алып, әпкесіне шабуыл жасады.
Содан соң қыз жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысты, бірақ ол көп қан жоғалтып, мерт болды.