$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Астанада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

AstanaTV
10.11.2024ж. 18:56
508
Астанада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

Астанада қала маңындағы екі автобус қозғалысы уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты №317 және №329 қала маңындағы автобус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қалған қала маңындағы бағыттар әдеттегідей жұмыс істеп тұр.