Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шешуші күнінде Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо) күміс жүлде алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 79 келіде өнер көрсеткен отандасымыз шешуші сында Украина спортшысы Владислав Рудниевке жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан былтырғы әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам ғана жетпей, 5-орынға тұрақтаған еді.