Белгілі блогер, желі жұлдызы Дина Төреәлі табысын сынаған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі белсендісі көпшілікке табыс табуға қатысты ақыл-кеңесін бөлісті.
“Байдың қызына сөйлемеңдер, аузы қисық болса да осы сөйлесін” деп жазыпты-мыс. Менің қазіргі өмір сүруіме ешкім дайын нәрсені аузыма әкеліп, салып отырған жоқ. Жасым 21-де болса да, декретте отырсам да әр күнімді тек қалай жақсартсам болады екен деп ойлаймын. Күйеудің айлығына қарап, немесе әке-шеше, ата-анаға ауыз ашып отырған жастар емеспіз. Кішкене диваннан тұрсаң, ақша табудың жолы көп. "Нан таппай отырғандар қаншама, ұят емес пе" деп айтатындар сол баяғы мыжылған менталитетпен өмір сүреді. Жұрт не дейді деп жалтақтау – әлі қалмапты. Мен Құдайдың рөліне кіріп кететін адамдардың қатарынан емеспін. Біреудің тағдырып, өмірін, жағдайын ойлап немесе аяп талқылайтын мен ешкім емеспін. Құдай аясын. Әркім өз әрекеті, ниетіне қарай, жасаған дұғасына қарай өмір сүретінін қабылдап тастаған адаммын”, – деп ашуланды блогер.
Сондай-ақ ақша табу үшін әрекет ету керегін де еске салды.
Өміріңде бірдеңе дұрыс емес пе, өзің кінәлісің. Әрекет етсең бәрін өзгерте аласың. Мынадай ханымдар туралы бастасам, қазір байқамай ашуланып кетемін. Өз байлары аздық ете ме екен өздеріне?! Біздікілерді аңдып бола алмай отыр. Басқа уайымдары жоқ. Көрінбей кетсе, барып ұстап алайын деп пе едіңдер? Ойларыңның, ниеттеріңнің астарын түсіне алмай-ақ қойдым", — деп жазды желі жұлдызы