$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда алаяқ 1-ші топ мүгедегінің пәтерін сатып жіберген

AstanaTV
11.11.2024ж. 13:02
188
Таразда алаяқ 1-ші топ мүгедегінің пәтерін сатып жіберген

Алаяқ 62 жастағы әйелдің Тараз қаласында орналасқан екі бөлмелі пәтерін 9 млн теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың маусым айында алаяқ психикалық ауытқуы бар жәбірленушінің шарасыздығын пайдаланып, пайад тапқысы келген. Қалалық соттың шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Қала прокуратурасы алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалау ісін бастады.

Күдікті қамауға алынды. Оның осындай басқа да істерге қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.