Ақтөбеде Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институтында оқу жаттығу кезінде қаза тапқан авиациялық эскадрилья офицер-нұсқаушысы Бауыржан Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды. Батыр Оразымбетов осы әскери институтты 2009 жылы тәмамдаған. Кейін сол әскери институтта түрлі лауазымда қызмет еткен. Ми-8 тікұшағымен ұшуда мол тәжірибесі бар ұшқыш. Түрлі экстримальды төтенше жағдайларда ұшқан. Жалпы әуеде ұшу уақыты 500 сағаттан асады. Еңбек сіңірген жылдары үшін және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Артында отбасы және екі баласы қалды.
ДӘУРЕН ҚОСАНОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ, ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына арнайы комиссия келді. Авариялық оқиғаның себебі техникалық ақаулық. Тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қорғаныс Министрлігі атынан майор Оразымбетов Батыр Қайратұлының отбасына көңіл айтамын.
Еске салайық, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылы маңында 9 қараша күні сағат 11:40 шамасында Әуе қорғаныс күштері әскери институтының МИ-8 тікұшағы құлады. Әуе кемесінде үш адам болған. Біреуі оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған екі офицер облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Екеуінің де қазір беті бері қараған.
МАҚСАТ ОРАЗЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бүгінгі таңда жағдайлары екі науқастың да орташа. Бүгін жағдайлары стабильно болғандықтан отделениеге көшіреміз. Жалпы жағдайлары тұрақты. Көп жарақаттар алған. Комбинированый травма дейді. Бас миының шайқалуы, кеуде соғылуы, іш құрлысының соғылуы.