Маусым айынан бері елімізде 1607 есірткі қылмысы анықталды. Бүгін «Қарасора – 2024» кең ауқымды операциясының қорытындысы жарияланды. 799 сату, 245 өсіру және есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленді. Операция кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 зертхана анықталды. Жамбыл облысының Шу ауданында 380 гектардан астам алқапта 100 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталып, 15 күдікті ұсталды. Олар «мефедронды» Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Бұлар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан.