Келер жылы доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл -сарапшылардың болжамы. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы өзгерістің болмайтынын айтқан еді. Кейбір экономистер оның сөзін қолдап, 460 теңгеден әрі аспайтынын сөзге тиек еткен. Алайда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өз зерттеулерін ұсынды.
ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ:
Айлық инфляцияның екі еседен астам жеделдеуі және оның өзгеруінің жоғары амплитудасы базалық мөлшерлеменің төмендеу циклінің қайта басталуына кедергі келтіреді. Қаржы нарығы сарапшыларының көпшілігі алдағы 29 қарашадағы Ұлттық банк отырысында мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталуы мүмкін деп санайды. Қалған бөлігі мөлшерлеме 14,0%-ға дейін төмендейді деп есептейді.
Биткоин құны да көтерілді. Цифрлық валюта кейінгі тәулікте 5 процентке өсіп, 80 мың доллардан асты. Апталық өсім 18%-ға тең. Бұл – рекорд дейді сарапшылар.
ТАРИК ӘЛ-САФФА, ЭКОНОМИСТ:
Биткоин мен долларда өсім болса, Йемен риалы күрт төмендеді. Жалпы әлемде экономикалық тұрақсыздық бар. Жақын арада бәрі өзгеруі мүмкін. Валютадағы өзгеріс экономикаға әсер етпей қоймайды. Менің ойымша, бәрі осымен тоқтайды деу қиын. Өзгерістерге алдағы уақытта да дайын болу керек.