$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Дәріханаларда 200-ге жуық дәрі жоқ", - Т. Омаров

"Дәріханаларда 200-ге жуық дәрі жоқ", - Т. Омаров

Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшы. Фармецевтер"Қазір елдегі 6 926 дәрінің небәрі 736-сы Еуразиялық ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ережелеріне сай. Қалғанына келесі жылдың соңында тыйым салынғалы тұр" деп дабыл қағуда. Оған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Ең алдымен Еуразиялық одақтың талабы, дейді сарапшылар. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері аймақтардағы департаменттерге дәрі жоқ деген шағымдар түспегенін айтады.

ӘСИЯ МОЛДИМАНОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Қазіргі таңда осы уақытқа 121 дәрілік зат бойынша арыз берілді. 2024 жылдың аяғына дейін 340 дәрі берілуі керек. Қалған дәрілік заттар 2025 жылға жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мынадай дәрі жоқ деген арыз келіп түскен жоқ.

Ал дәріхана иелері қазірдің өзінде 200-ге жуық дәрілік зат айналымда жоқ екенін айтады. Олар халық дәрі тапшы деп департаменттерге шағымданбайды, елдің оған уақыты жоқ дейді. 

ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Дәрі тапшы ма, жоқ оны білетін дәріханалар. Өздері біледі. Бірінші фармацевтер біледі. 200-ге жуық препарат жоқ болды. Біреулері маркировка өте алмай жатыр. Біреулері өткен. Тағы бірі тіркеуден өткен жоқ. Сондай процестер көп болып жатыр. Кезінде көп қылып әкелгеннің арқасында ол складтарда, дәріханаларда тұр. Запас алғандар соны сатып қазір амалдап жатыр.