$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыдан небәрі 2 шақырымдағы Трудовое ауылында әлі күнге дейін өркениет жоқ

11.11.2024ж. 20:00
132
Қарағандыдан небәрі 2 шақырымдағы Трудовое ауылында әлі күнге дейін өркениет жоқ

Қарағандыдан небәрі 2 шақырымдағы Трудовое ауылында әлі күнге дейін өркениет жоқ. Бұқар жырау ауданына қарасты елдімекенде жарық жиі сөнеді, интернет жоқ, суды жұрт тасып ішеді. Қаланың іргесінде орналасса да жолы да ойдым-ойдым.  Кешегі дауылда жұрт 2 күн байланыссыз қалған. Көрші ауылға қатынап оқитын балаларымен хабарласа алмай дал болыпты. Бұл мәселе 10 жыл бойы шешілмей келеді.

ТӨЛЕУХАН ТҰРСЫНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерге жоғарыға шығып балаларымызбен сөйлесейік десек связь жоқ. Түн ішінде жолға шығып сөйлесеміз. Қайтып келген кезінде бәрінде тосып аламыз. Қыстыгүні балалар сабаққа бара алмайды. Онлайн обученье десе балалар тағы оқи алмайды.

ЕРБОЛАТ ЕМІЛЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Сәл жел соқса болды өшіп қалады осы ауылда замыкание болады линияларда. Электр желілері ескі, столбтары ешқайсысы ауыстырылмайды. Сымдары тартылмайды. Түнде қарасаңыз жел күні жаңағы жаңа жылдағы отшашарлар сияқты жарқ- жұрқ етіп жатады.

Ауылда су да жоқ. Мұндағы 100 шақты отбасы былтырдан бері ауыз суды күтті. “ Ауыл- ел бесігі “ бағдарламасымен 190 млн- нан астам қаржы бөлініп көктемде жұмыс басталуы тиіс еді. Мердігер бір ай бұрын ғана жұмысқа кіріскен. Қыс ішінде жол бойы қазылып жұрт жүретін жер таппай қалдық,- дейді.

ТӨЛЕУХАН ТҰРСЫНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Су мәселесі, жол, связь, свет осы 4 мәселені кешеден айтып жатырмыз, в акимат области хотим обратиться, акимат района осыны бізге көмек ретінде жасап берсін.

Трудовое ауылы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округыне қарайды. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы кеш бөлінгендіктен мердігер жөндеуді күзде бастауға мәжбүр болған.

БЕРІК КӨПБАЕВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

“Көп мәселелер қаражатқа кішкене тірелді. Себебі мұнда кішкене үщілістер болғаны жаңағы қаражаттың көлеміне қарасты. Алайда бұл жобаның аяқталуы біздің осы желтоқсан айының ортасына қарастырылған”.

Жергілікті әкімдік пен мердігер компания жолға құм, қиыршық тас себіп түзетуге уәде берді. Ал байланыс операторлары ауылды кезекке қойған, бірақ қашан интернет тартылатыны белгісіз. “ ҚарағандыЖарық “ компаниясы сымдардың тозып кеткенін алға тартты. Ең алдымен трансформатор, КПП ларды ауыстыру жоспарда тұр. Содан кейін ғана үзіле беретін сымдарды жаңартады.