Ауылдарда дәрігер жетіспеушілігі мәселесі шешіліп жатыр. "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық кеңес отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі осылай деді. Бүгінде ел аумағындағы елдімекендерде 69 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Барлығы 5 мыңнан астам медицина нысаны бар. Жыл соңына дейін тағы 450-ге жуық жаңа мекеме пайдалануға берілмек.
ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Жіті дефицитті мамандарға 100 МЗП бойынша үстеме-көтерме ақшалар төленіп жатыр. Ол 8,5 млн теңге. Ауылдық жерлерде 32 ауданаралық көпсалалы аудандық ауруханаларды жаңағы капиталдық жөндеу және қажетті медициналық техникамен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.