$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда “Жайлы мектеп” жобасы аясында бой көтерген білім ордасы есігін айқара ашты

11.11.2024ж. 20:00
173
Қызылжарда “Жайлы мектеп” жобасы аясында бой көтерген білім ордасы есігін айқара ашты

Қызылжарда “Жайлы мектеп” ұлттық пилоттық жобасы аясында бой көтерген білім ордасы есігін айқара ашты. 600 балаға арналған нысанда барлық заманауи технологиялар қолданылған. Игі жобаның арқасында Солтүстік Қазақстан облысында үш ауысымдық мектептер мәселесі толығымен шешілді. Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. 

Суперзаманауи мектеп Петропавлдағы орман шағын ауданында бой көтерді. Оқу бөлмелерінің түгел дерлігі IT жүйесімен жабдықталған. Бұдан бөлек үй мәдениеті, дизайн мен ас пісіру бағыттарын қамтитын үш шеберхана бар.

Меруерт ТӨЛЕБАЕВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ:

Сабақ барысында мақсатымызды оқушылар өздері аша алады. Және тыңдалым барысында оқушылар оқушыларға мәтіндерді тыңдауға береміз интерактивті панель арқылы. Және түрлі үлестірмелі тапсырмаларды оқушылар тақта арқылы өздері жасай алады. Баяғыдай қағаз жүзінде емес, барлығын интерактивті панель арқылы бере аламыз.

Білім ошағы 600 балаға шақталған. Жаңа мектеп бірнеше шағын ауданның балаларын қабылдамақ. Арасында тасқыннан зардап шеккендерге арналып жаңадан салынған Бірлік ауданы да бар.

Гүлнәр МҰҚАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жайлы мектепке бүгінгі күні менің немерем табалдырығын аттап жатыр. Біз бұл мектепті таңдаған себебіміз бізге жақын, екіншіден баламыздың болашағында осындай жайлы мектептен білім алса деген ойменен осы мектепте алып келдік. Осындай жайлы мектепте балам жақсы білім алады деген ойдамын.

Жалпы ауданы төрт мың шаршы метрден асатын мектеп екі бөлімнен тұрады: бастауыш және орта буын қанаты. Әр сектордың жеке акт залы мен дене шынықтыру залдары бар. Тіпті мүмкіндігі шектеулі балалар үшін барлық жағдай жасалған.

Айнагүл СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы Жайлы мектеп бағдарламасын орындау мақсатында бүгін Петропавлда жаңа жайлы мектеп ашылып жатыр. 30дан астам оқу кабинеттері бар. Мектеп алдындағы даярлық тобы, медицина қызметімен қамтамасыз етіліп отыр.

Билік өкілдері келесі жылы дәл осындай мектепті Береке ышқам ауданында да қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Жалпы, теріскейде апатты мектептер толық жойылып, үш ауысымдық оқу жүйесі мәселесі толық шешілді.