$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін "Бота" қолғанат орталығы ашылды

11.11.2024ж. 20:00
332
Елордада құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін "Бота" қолғанат орталығы ашылды

Елордада құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін "Бота" қолғанат орталығы ашылды. Орталықта елге келген қандастарға көмек көрсетіледі. Яғни, оларға құқықтық жағынан, жұмысқа орналасуға немесе түрлі құжаттарды рәсімдеуде қолғанат болады. Айта кетейік, шекара асып келген азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету орындары бар. Дегенмен ол аздық етеді дейді,- орталық жетекшісі. Ашылу салтанатына сенат және Мәжіліс депутаттары, қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қандастарымыз келіп жатыр. Олар құжат алу, олардың рәсімделуі. Не болмаса жұмысқа орналасу. Солардың бәрін көбісін біле бермейді біздің келген қандастар. Бірінші рет көшіп келген кезде. Соған байланысты оларды оқыту бар, жұмысқа орналастыруы бар. Көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде осындай орталықтар көмек жасайды.