$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада «Үздік – 2024» көшбасшылар байқауы өтті

11.11.2024ж. 20:00
266
Елордада «Үздік – 2024» көшбасшылар байқауы өтті

Елордада Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжде «Үздік – 2024» мамандықтар байқауы өтті. Жоба «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы, Білім басқармасы, және Астана қаласының әдістемелік орталығымен бірге ұйымдастырылған. Онда 25 жұмысшы мамандық бойынша өзара кіл мықтылар анықталды. 20 күнге созылған бұл шарада 150 сарапшы төрелік етті.  2-ші курс студенті Санжар «автомеханика» номинациясы бойынша 15 қатысушы арасында үздік атанды. Ол жобаға 3 ай бойы дайындалған.

САНЖАР ХАЛЕЛ, СТУДЕНТ:

Жеңіл көліктің қозғалтқышын шашып, бөліп қайтадан жинау керек болған уақытқа. 20-ақ минут берілген. Ол өте қиын тапсырма болған. Өйткені каждый өзінің детальдарын орындары бар. Қалай тұратын жерлері де бар. Соның бәрін миыңа сақтап істеуің керексің. Маған шынымды айтайын оңай болды. Өйткені ол салада бұрыннан жұмыс істеймін, білемін оқып жүрмін

Самрат та Үздік жобасына үлкен дайындықпен келген. Оның мамандығы -лифтер.

САМРАТ АБДЕНОВ, СТУДЕНТ:

Таңертең келеміз обедке дейін стендте жұмыс жасаймыз. Тоқтарды жалғап бір-бірімен, насосты жалғап қосып. Сосын лифтті іске қосу керек. Сол біздің задачамыз болды. Негізі қиын болды участниктер көп болды. 15 бала. Оның ішінде 3-ші орын алдым. Қаладығы барлық лифттерді іске қосып оларды жалғап.

Бұдан бөлек қатысушылар аспазшы, дизайн құрастрыру, флорист және шаштараз кәсіптері бойынша алған білімдерін іс-жүзінде көрсетті. Шараға қала бойынша 375 студент қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл көрсеткіш былтырға қарағанда екі есе көп.

СҰЛТАН ӨМІРҒАЛИЕВ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖРО» КММ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Бұның студенттерге пайдасы көбірек тиеді деп айта аламын. Өйткені олар өздерінің мамандықтары бойынша алдағы оқу бітіргеннен кейін практика ретінде алынады. Бұл студенттерге өздерінің жұмысын іспен көрсетіп, дәлелдеу мақсатында. Қалай келу керек жұмысқа. Жұмыс қалай болады. Түсіндірме жұмыстарынан кейін қатысушылардың былай айтқан кезде конкурс аясында жұмыс уақыты басталады.

Сарапшылар мұндай тәжірбиелік шараларды көбейту қажеттегіне тоқталды. Себебі болашақ мамандар практика арқылы тереңірек шыңдалып, кәсіптің қыр-сырымен танысады дейді –олар

РАМАЗАН КАБДЫКАРИМОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ӘЗІРЛЕУШІ:

Мен өзім айти саласы бойынша сарапшы болдым. Қатысушылардың шығармашылық тұрғыдан жұмысты қалай атқаратынына да қарадық. Сондай-ақ біздің мамандық үшін функционалдық оптимизация аса маңызды. Ол дегеніміз коээфиценттермен жұмыс, түрлі компаниялар тізімін енгізу, жанармай, билеттерді есептеу болып табылады. Студенттер үздік нәтиже көрсетуге барынша тырысты. Болашақ айти мамандарына айтарым дизайнге емес фунционалдық оптимизацияға аса мән бергендеріңіз дұрыс. Бірден қалған сарапшылармен баға беруге тырыстық. Күннің соңына үздік үштікті анықтады.

Айта кетейік жеңімпаздарға теледидар, телефон және айпад сынды бағалы сыйлықтар табысталды.