$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Астанада жыл басынан интернет-алаяқтықтың 4 мыңнан астам фактісі тіркелген

AstanaTV
12.11.2024ж. 08:29
218
Астанада жыл басынан интернет-алаяқтықтың 4 мыңнан астам фактісі тіркелген

2024 жылдың 10 айында елорда аумағында 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Интернет-алаяқтықпен күресу үшін полиция қызметкерлері осындай қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ескерту бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп отырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев айтты.  

Қазіргі таңда цифрландыру қоғам өмірінде айтарлықтай орын алады, алайда оның таралуымен қатар интернет-алаяқтық жағдайлары да көбейіп отыр.

Спикердің мәліметінше, елордада халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша дәрістер белсенді түрде өткізіліп келееді. Бұл іс-шараларда алаяқтар қолданатын әдіс-тәсілдер мен негізгі сақтық шаралары жан-жақты түсіндіріледі. Қосымша насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халық көп шоғырланған жерлерде жадынамалар мен брошюралар таратылады.