$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бектенов өзіне ұнамайтын әкімдерді атады

12.11.2024ж. 20:00
88
Бектенов өзіне ұнамайтын әкімдерді атады

Жұмысы мардымсыз. Үкімет басшысы өзіне ұнамай жүрген әкімдердің кім екенін айтты. Олжас Бектенов жылу беру кезеңі енді басталса да, екі күннің бірінде апат болады дейді. Небәрі бір айда 130-дан аса өрт тіркелген. Уланып, қайтыс болғандар да бар. Бұған- басшылардың қарапайым ережені сақтай алмауы себеп. Әсіресе Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облысы мен Алматы қаласының әкімдері тиісті міндетті атқара алмай отыр. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Осындай үйлердің барлығына улы газ датчиктерін тегін орнату қажет. Алайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер жұмысты күшейтіңіздер.

Ал, төтенше жағдай министрі өртке қарсы барлық шара қабылданып жатқанын айтты. Биыл бюджеттен 728 арнайы техника, 18 мыңнан астам құрал-жабдық сатып алмақ. Құны 120 млн теңге болатын 2 дрон алу да жоспарда бар. Ол 150 метрге дейін көтеріліп жалынды сөндіре алады.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтарды өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларына кезең-кезеңімен үйретеді, осылайша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырады.